Текст
Білім күні Покровка ауылының білім беру мектебінің 3 - сыныбында мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Қазақстанның жетістіктері" атты сынып сағаты өтті. Балалар Отан туралы кластер құрастырып, бейне слайдтарды көрді, " Мен Өз елім туралы не білемін?" викторина сұрақтарына жауап берді. Балалар жүрек парақшаларында Қазақстанға өсіп-өркендеу тілектерін жазды.