Текст
4-сынып оқушылары Тілдер күніне арналған "English - Kazakh-Russian" қызықты кітап көрмесін дайындады. Көрменің мақсаты балаларды тілге деген сүйіспеншілікке,кітаптарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болды. Көрме безендіруде жарқын және мазмұны жағынан өте қызықты қазақстандық және шетелдік авторлардың ертегілері мен әңгімелері ұсынылды. Оқушылар ертегілерді үш тілде оқыды, ағылшын және қазақ тілдерінен орыс тіліне аударды. Балалар "Ең үлкен байлық-тіл" деген ойға келді.
Жусупова М.А.