Текст
Покровка орта мектебінде он үшінші қыркүйек күні жоғары сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты қабырға газетін жасау сайысы өтті. Оқушылар қызыға қабырға газеттерін жасады. Олар қабырға газетін жасауда тіл туралы мақал-мәтелдер, өлең жолдарын қолданды. Сайыс өте қызықты өтті. Оқушылар дипломмен марапатталды.