Текст
08.09.2025
«Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 8 қыркүйек күні «Отбасы – махаббат пен бақыттың көзі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, ол «Отбасы күні» мерекесіне арналған болатын. Сынып сағаты гимнмен басталып, кейін дене шынықтыру жаттығулары өткізілді, одан соң мұғалім мен оқушылар арасында отбасы құндылықтары мен дәстүрлері туралы әңгіме өтті. Кейін оқушылар топтар бойынша тапсырмаларды орындап, отбасы туралы бейнероликті көрді.
