Текст
26.09.2025
2025 жылдың 26 қыркүйегінде "Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 0-сыныптан 11-сыныпқа дейін онлайн-форматта «Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның басым бағыты» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті. Жиналыста білім беру ортасында, көшеде және тұрмыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Ата-аналарға балаларды үнемі қадағалап отырудың, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың, Интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрысты ұстанудың қажеттілігі ескертілді.
