Текст
15.10.2025
Бүгін Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебінің базасында аудандық тәлімгерлер семинары өтті. Қатысушылар жұмыс тәжірибесімен бөлісті, балалардың бос уақытын ұйымдастыру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылады. Семинар тәлімгерлерді жаңа идеялар мен шығармашылық жобаларға шабыттандырып, достық атмосферада өтті.
