Текст
25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні атап өтіледі. 3 желтоқсанда "Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні"акциясының бірінші күні өтті. Бұл акцияның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылық, балаларға қатыгездік көрсету проблемаларына қоғамның назарын аудару, қоғамда зорлық-зомбылықсыз қатынастар мәдениетін қалыптастыру. Мектеп ұжымы осы акцияға белсене қатысып, барлығын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жоюға шақырады.