Покровка ауылының жалпы білім беретін мектебінде "Жас педагог" онкүндігі аясында " дұрыс тамақтанудың құпиялары " атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: балалардың дұрыс тамақтану,көкөністер мен басқа да пайдалы өнімдерді жеу қажеттілігі туралы білімдерін қалыптастыру және кеңейту, дұрыс және ұтымды тамақтану үшін ең пайдалы өнімдерді таңдауға үйрету, өз денсаулығына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, қоршаған ортаға белсенді ,танымдық қызығушылықты қалыптастыру. Іс-шара барысында балалар жұмбақтар, ребустар шешті, "Миға шабуыл", "достарды қос" , " қара және тап ", " денсаулық туралы не білеміз "ойындарына белсенді қатысты. Әрі қарай оқушылар тамақтану пирамидасын салып, денелеріне пайдалы тағамдарды таңдады. Балалар Әркім өзі үшін таңдау жасап ,өз денсаулығының шебері болу керек деген ортақ пікірге келді. Рухани және физикалық сау болу, ұзақ және бақытты өмір сүру үшін өмір салты мен тамақтану әдеттерін жақсартуға тырысу ешқашан кеш емес!