Текст
«Покровка ауылының орта мектебі» КММ-де информатика сабақтары мен қосымша сабақтар қызықты, жұғымды. Жігіттер роботтарды құрастырады, 3D қаламдары арқылы модельдеу жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар 3D принтер арқылы кілт сақиналарын, кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдарды жасайды. «Арип-Агро» ЖШС директоры Арипов Уалихан Сапиевичке оқушыларға 3D-принтер, 3D-қаламдар, дамыту мен шығармашылыққа арналған робототехниканы оқытуға арналған Лего конструкторын бергені үшін алғысымды білдіремін.